Образование
09.04.2026
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
"Червонный орта мектебі" КММ тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 10-11 сынып оқушылары үшін Новоишимское ауылында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Жоғары оқу орнына түсу тәртібі мәселелері айтылды. Кездесудің негізгі мақсаты-түлектерді университет құрылымы, институттың кадрлық және материалдық-техникалық әлеуеті туралы ақпараттандыру .
